Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі білім туралы құжаттарды шетелде пайдалану үшін толығымен цифрлық заңдастыру рәсімін іске қосқанын хабарлады. Бұл туралы БӘӘ СІМ-ге сілтеме жасай отырып GULF NEWS басылымы мәлімдеді.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрлігі Ұлттық экономикалық тізілімнің іске қосылғанын ресми түрде жариялады. Бұл жобаны іске асырудың мақсаты - елдегі барлық коммерциялық лицензиялар туралы ірі бірыңғай дерекқор құру, сондай-ақ бизнесті тіркеу және жүргізу рәсімдерін біріздендіру.