Деректердің осы конфиденциалдылық саясаты (бұдан әрі – Конфиденциалдылық саясаты) «Банк ЦентрКредит» АҚ (БСН 980 640 000 093, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38) Интернет желісінде https://schmidt-and-schmidt.kz/ домендік атауымен орналасқан веб-сайтты пайдалана отырып ала алатын деректерге қатысты қолданылады. Қоғам Сайт пайдаланушыларының деректерін Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптары шеңберінде ғана өңдейді. Конфиденциалдылық саясаты (бұдан әрі – Саясат) олардың нормаларына сәйкес әзірленген.
Пайдаланушының Сайтты қолдануы Конфиденциалдылық саясатымен және деректерді өңдеу шарттарымен келісуін білдіреді. Конфиденциалдылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Сайтты қолдануды тоқтатуы керек.
Осы Саясат Пайдаланушылар туралы ақпаратты, соның ішінде олардың дербес деректерін рұқсатсыз қол жеткізуден және жария етуден тиісті түрде қорғауды қамтамасыз етуге арналған.
Саясат, сондай-ақ Сайттың басқа да ресми құжаттамасы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы Сайтты пайдаланушылар туралы ақпаратты жинауға, сақтауға, таратуға және қорғауға байланысты қатынастарды реттейді. Осы Саясат пен Сайттың басқа ресми құжаттары арасында қайшылықтар болған жағдайда, осы Саясат қолданылады.
Пайдаланушылар Сайтта орналастырылған кейбір сілтемелер бойынша өткен кезде, олар «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың хостинг кеңістігінен тыс басқа компаниялардың («Facebook», «google+», «ВКонтакте) сайттарына (қосымшаларына және т.б.) қайта бағытталуы мүмкін екенін білуі тиіс, онда Пайдаланушылар туралы ақпарат «Банк ЦентрКредит» АҚ және Сайт Әкімшілігінің тікелей бақылауынан тыс жиналады. Мұндай жағдайда үшінші тұлғалардың сайттарының және/немесе қосымшаларының Конфиденциалдылық саясаттары осы үшінші тұлғалардың пайдаланушыларынан алынған ақпаратты өңдеу тәртібін реттейтін болады. «Банк ЦентрКредит» АҚ және Сайт әкімшілігі Пайдаланушының осы үшінші тұлғаларға берген ақпараты үшін жауапты емес.
Егер Пайдаланушы бөгде тарап операторының аутентификация қызметін, мысалы, Facebook ақпаратын пайдалана отырып сайтқа кіруді шешсе, Қоғам қосымша профильді немесе бөгде тарап операторының аккаунтында Пайдаланушы үшінші тұлғаларға ұсынуға рұқсат берген басқа ақпаратты ала алады.
1. ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ
1.1. Конфиденциалдылық саясатында келесі терминдер пайдаланылады:
1.1.1. «Сайт әкімшілігі» – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың атынан іс-әрекет ететін, конфиденциалды деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ конфиденциалды деректерді өңдеу мақсаттарын, өңделетін конфиденциалды деректердің құрамын, конфиденциалды деректермен орындалатын іс-әрекеттерді (операцияларды) айқындайтын уәкілетті қызметкерлер.
1.1.2. Конфиденциалды деректер – сайтты Пайдаланушы кері байланыс және қызметтерді қосуға арналған өтінімдер нысандарында қалдыратын деректер, Cookies, сондай-ақ сайтты пайдаланған кезде автоматты түрде берілетін деректер, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: IP мекенжайы, қол жеткізу жүзеге асырылатын құрылғы туралы ақпарат және т.б.
1.1.3. «Дербес деректер» — мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген сол мәліметтер.
1.1.4. «Дербес деректерді өңдеу» — дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (ұсынуды, қол жеткізуді), иесіздендіруді, бұғаттауды, алып тастауды, жоюды қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай жасалатын кез келген іс-әрекет (операция) немесе іс-әрекеттер (операциялар) жиынтығы.
1.1.5. «Дербес деректердің конфиденциалдылығы» — дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негіз болмаса, Операторға немесе дербес деректерге рұқсат алған басқа тұлғаға оларды таратуға жол бермеу туралы қойылатын міндетті талап.
1.1.6. «https://schmidt-and-schmidt.kz/ сайтын пайдаланушы» – Интернет желісі арқылы Сайтқа рұқсаты бар және Сайтты пайдаланатын тұлға.
1.1.7. «Сайт» — Интернет желісінде https://schmidt-and-schmidt.kz/ домендік мекенжайы бойынша орналасқан веб-сайт.
1.1.8. «Cookies» — веб-сервер жіберген және Пайдаланушының компьютерінде сақталатын, веб-клиент немесе веб-браузер тиісті сайттың бетін ашуға тырысқан кезде HTTP сұрауында веб-серверге әр уақытта жіберетін деректердің шағын бөлігі.
1.1.9. «IP мекенжайы» — IP протоколы бойынша құрастырылған компьютерлік желідегі түйіннің бірегей желілік мекенжайы.
2. КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ
2.1. Конфиденциалдылық саясаты Сайт әкімшілігінің Пайдаланушы Сайтпен жұмыс істеген кезде, оның ішінде қосылуға өтінім берген кезде Сайт әкімшілігіне ұсынатын деректерді жарияламау және конфиденциалдылығын қорғау режимін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін белгілейді.
2.2. Конфиденциалдылық саясаты шеңберінде Өңдеуге рұқсат етілген конфиденциалды деректерді Пайдаланушы тіркеу нысанын (мысал төменде келтірілген), кері байланыс нысандарын толтыру арқылы ұсынады және оған Пайдаланушының Атауы (Пайдаланушының қалауы бойынша көрсетіледі), Заңды тұлғаның телефоны, поштасы (электрондық пошта мекенжайы) кіреді. Егер өтінім нысанында Пайдаланушы заңды тұлғаның байланыс деректерінің орнына өзінің дербес деректерін қалдырса, онда Қоғам Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
2.3. Тіркеу нысанынан басқа Сайтта веб-аналитиканың әртүрлі жүйелері пайдаланылуы мүмкін. Сайт жарнамалық блоктарды қарау және Сайттың парақшаларына кіру процесінде автоматты түрде берілетін деректерді қорғайды, оның ішінде:
• IP мекенжайы;
• Cookies-тен ақпарат;
• браузер туралы ақпарат (немесе жарнаманы көрсетуге қолжетімділікті жүзеге асыратын өзге де бағдарлама туралы);
• операциялық жүйе;
• қолжетімділік уақыты, сағаттық белдеу/өңір;
• Сайт парақшасының мекенжайы.
2.3.1. Cookies-ты сөндіру Сайттың кейбір бөлімдеріне қол жеткізудің мүмкінсіздігіне әкеп соқтыруы мүмкін;
2.3.2. Сайттың əкімшілігі Конфиденциалдылық саясатының 2.3-тармағында көрсетілген деректерге қатысты статистикалық мәліметтерді жинауы мүмкін. Аталған ақпарат алаяқтыққа қарсы іс-қимыл үшін, техникалық проблемаларды анықтау және шешу мақсатында пайдаланылады.
2.3.3. Ақпарат Конфиденциалдылық саясатында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, сенімді түрде сақталып, таратылмауға тиіс.
2.3.5. Қоғам және Сайттың әкімшілігі өзінің үлестес тұлғаларына (оның ішінде өзінің қызметін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүзеге асыратындар), сонымен қатар жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Қоғаммен байланысты өзге компанияларға Пайдаланушылардың ақпаратын ұсынуға құқылы. Бұл ретте үлестес тұлғалар, сонымен қатар олармен байланысты компаниялар осы Саясаттың ережелерін ұстануға міндетті.
2.3.6. Қоғам төменде аталған жағдайларды қоспағанда, Қоғаммен байланысты емес компанияларға және жеке тұлғаларға Пайдаланушылардың ақпаратын ұсынбайды:
• Пайдаланушы осыған өзінің келісімін бермеген;
• Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіпте, оның ішінде мынадай мақсаттармен:
– сот шешімдерін орындау немесе мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау;
– техникалық іркілістерді немесе қауіпсіздік проблемаларын жою;
– қолданыстағы заңнамамен жол берілетін шеңберде Қоғамның, Қоғам Сервистерін пайдаланушылардың құқықтарын, жеке меншігін немесе қауіпсіздігін қорғау.
3. КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ ЖӘНЕ ОҒАН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
3.1. Саясат оны Қоғам бекіткен сәттен бастап шексіз мерзімге күшіне енеді. Қолданыстағы Саясат оны жаңа Саясатпен ауыстырған соң жарамсыз деп танылады. Саясатты ауыстыру Сайтта оның жаңа редакциясын жариялау жолымен жүзеге асырылады.
3.2. Саясаттың қолданыстағы редакциясы жария құжат болып табылады, https://schmidt-and-schmidt.kz/банк-карталарына-төлеу-үшін-құпиялық-сая… бойынша өткен кезде Интернет желісінің кез келген пайдаланушысына қолжетімді.
Сайттың әкімшілігі Саясатқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін өзгерістерді енгізуге құқылы. Саясатты бекіткен соң Сайтта Саясаттың жаңа редакциясын орналастыру Сайт пайдаланушыларына Саясатқа енгізілген өзгерістер туралы хабарлау болып табылады.
4. КОНФИДЕНЦИАЛДЫ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ШАРТТАРЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ
4.1. Сайттың әкімшілігі келесі мақсаттарда Пайдаланушының конфиденциалды деректерін өңдейді:
- Пайдаланушының «Банк ЦентрКредит» АҚ ұсынатын қызметтерді заңды тұлғаға/жеке кәсіпкерге қосылуға арналған өтінімін қарау, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ-пен және (немесе) оның серіктестерімен тиісті шартты жасасу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жинау мақсатында бірлесіп іс-әрекет ету, ұсынылатын қызметтер туралы консультация, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың және оның серіктестерінің қолданыстағы және жаңа өнімдері туралы ақпараттандыру.
- сайтты техникалық басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ оның жұмысының талдауын жүргізу және жақсарту үшін.
5. КОНФИДЕНЦИАЛДЫ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
5.1. Пайдаланушының деректерін өңдеу мерзім шектелмей, кез келген заңды тәсілмен, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалану арқылы немесе осындай құралдарды пайдаланбай-ақ дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады.
5.2. Пайдаланушы конфиденциалды деректерді мерзім шектелмей өңдеуге келісімін береді.
5.3. Пайдаланушының деректері тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарына берілуі мүмкін.
5.4. Сайттың әкімшілігі Пайдаланушының конфиденциалды деректерінің конфиденциалдылығын, тұтастығын, сақталғандығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдық және техникалық шараларды қолдануға, сондай-ақ деректерді өңдеуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
5.5. Конфиденциалды деректерді жоғалтқан немесе жария еткен кезде Сайттың әкімшілігі Пайдаланушыны оның деректерінің жоғалғаны немесе жария етілгені туралы ақпараттандырады.
5.6. Сайттың әкімшілігі Пайдаланушымен бірге Пайдаланушының конфиденциалды деректерінің жоғалуы немесе жария етілуі нәтижесінде туындаған залалдарды немесе өзге де теріс салдарды болдырмау бойынша барлық қажетті шараларды қолданады.
6. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
6.1. Пайдаланушы мыналарға міндетті:
6.1.1. Сайтты пайдаланған кезде Сайт сұрау салған өзекті деректерді ұсынуға.
6.1.2. Аталған ақпарат өзгерген жағдайда деректерді жаңартуға, толықтыруға.
6.1.3. Сайт әкімшілігіне үшінші тұлғалардың деректерін ұсынған жағдайда олардан барлық қажетті келісімдерді алдын ала алуға.
6.2. Сайттың әкімшілігі мыналарға міндетті:
6.2.1. Алынған конфиденциалды деректерді тек қана Конфиденциалдылық саясатының 4-бөлімінде көрсетілген мақсаттар үшін пайдалануға.
6.2.2. Конфиденциалды ақпаратты құпияда сақталуын қамтамасыз етуге, оны Пайдаланушының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жария етпеуге, сонымен қатар Конфиденциалдылық саясатында, клиенттермен жасасқан шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конфиденциалды деректерді сатуды, айырбастауды, жариялауды немесе өзге де ықтимал тәсілдермен жария етуді жүзеге асырмауға.
6.2.3. Қазіргі іскерлік айналымдағы ақпараттың осындай түрін қорғау үшін әдетте пайдаланылатын тәртіпке сәйкес және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Пайдаланушы деректерінің конфиденциалдылығын қорғау үшін сақтық шараларды қолдануға.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Өзінің міндеттерін орындамаған Сайттың әкімшілігі, осы Конфиденциалдылық саясатының 7.2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Пайдаланушы конфиденциалды деректерді заңсыз пайдаланумен байланысты көтерген залалдар үшін жауапты болады.
7.2. Конфиденциалды ақпарат жоғалған немесе жария етілген жағдайда, Сайттың әкімшілігі жауапты болмайды, егер аталған конфиденциалды ақпарат:
7.2.1. Оны жоғалтқанға немесе жария еткенге дейін жария игілік болса.
7.2.2. Оны Сайт әкімшілігі алған сәтке дейін үшінші тұлғадан алынса.
7.2.3. Пайдаланушының келісімімен жария етілсе.
7.3. Үшінші тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа дербес деректер субъектісінің келісімінсіз Пайдаланушы Сайт әкімшілігіне берген Дербес деректерді Өңдеуге, Пайдаланушының кінәсі бойынша сенімсіз/бұрмаланған/өзекті емес Дербес деректерді Өңдеуге қатысты наразылықтар, талаптар қойған жағдайда, Пайдаланушы «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа залалды толық көлемде өтейді.
8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
8.1. https://schmidt-and-schmidt.kz/ сайтының Пайдаланушысы мен Сайт әкімшілігі арасындағы қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап арызбен сотқа жүгінгеннен бұрын наразылықты қою (дауды ерікті реттеу туралы жазбаша ұсынысты) міндетті болып табылады.
8.2. Наразылықты алушы наразылықты алған соң 30 (Отыз) күнтізбелік күн ішінде наразылық мәлімдеушісін наразылықты қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.
8.3. Келісімге қол жеткізбеген кезде дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органына қарауға беріледі.
8.4. Осы Конфиденциалдылық саясатына және Пайдаланушы мен Сайт әкімшілігі арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.
9. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
9.1. Дербес деректерді өңдеу «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың клиенттермен шарттарды жасасу сәтінен бастап жүзеге асырылады және олардың талаптарымен реттеледі.
9.2. Дербес деректердің пайдаланушысы/субъектісі кез келген уақытта Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа жазбаша өтініш жіберу арқылы Дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып ала алады. Көрсетілген жағдайда Сайттың әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Дербес деректердің пайдаланушысының/субъектісінің келісімінсіз Дербес деректерді өңдеуді жалғастыра алады.
9.3. Дербес деректердің пайдаланушысы/субъектісі Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының 4-тарауында көзделген құқықтарын жүзеге асыруға, оның ішінде Дербес деректерді өңдеуге қатысты ақпаратты алуға, заңмен көзделген жағдайларда Дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге, өзінің құқықтарын қорғау бойынша шараларды қолдануға құқылы. Бірлесіп іс-әрекет ету Конфиденциалдылық саясатының 9.2.-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша нысанда жүзеге асырылады.
9.4. Осы Конфиденциалдылық саясатына және Конфиденциалдылық саясатын қолдануға байланысты Пайдаланушы мен Сайт әкімшісі арасында туындайтын қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылуы тиіс.
9.5. Оператор осы Конфиденциалдылық саясатына Пайдаланушының келісімінсіз өзгерістерді енгізуге құқылы.
9.6. Егер Конфиденциалдылық саясатының жаңа редакциясымен өзгеше көзделмесе, жаңа Конфиденциалдылық саясаты https://schmidt-and-schmidt.kz/ сайтында орналастырған сәттен бастап күшіне енеді.
9.7. Пайдаланушы өзекті редакциямен танысу арқылы Конфиденциалдылық саясатының өзгерістерін өздігінен қадағалауға міндеттенеді.
9.8. Осы Конфиденциалдылық саясаты бойынша барлық ұсыныстарды немесе мәселелерді Сайтты пайдалана отырып өтініш жіберу арқылы хабарлау қажет.
9.9. Конфиденциалдылық саясаты https://schmidt-and-schmidt.kz/банк-карталарына-төлеу-үшін-құпиялық-сая… мекенжайы бойынша парақшада орналастырылған.