Schmidt & Schmidt сайтында сіз өзіңізді қызықтыратын қызметтерге банктік карталармен төлем төлей аласыз.
Төлем біздің "Шмидт және Шмидт" ЖШС ұйымымыздың есеп шотына Банк ЦентрКредит АҚ қолдауымен жүзеге асырылады.
Банктік карталармен қызметтерге төлем төлеу ережелері
Бұл шарттар тек банктік карталармен есеп айырысу кезінде ғана қолданылады.
Төлемге Visa және MasterCard қабылданады.
Таңдалған Тауарды немесе қызметті растағаннан кейін Банк ЦентрКредит АҚ төлем парағы бар қорғалған терезе ашылады, онда сіз банк картасының деректерін енгізуіңіз қажет. Карта ұстаушысының қосымша аутентификациясы үшін 3-D Secure протоколы қолданылады. Егер сіздің Эмитент банкіңіз осы технологияны қолдаса, Сіз қосымша сәйкестендіруден өту үшін оның серверіне бағытталасыз. Қосымша сәйкестендіру ережелері мен әдістері туралы ақпаратты өзіңізге Банк картасын берген Банктен нақтылаңыз.
Интернет арқылы төлеу қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес төлем жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады, ол үшін деректерді тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналары арқылы таратудың ең заманауи әдістері пайдаланылады.
Банк картасының деректерін енгізу Банк ЦентрКредит АҚ төлем бетіндегі қорғалған терезеде жүзеге асырылады.
Банктік карта деректерін енгізу бетінде карта нөмірін, карта иесінің атын, картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (Visa үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Барлық қажетті деректер картаның өзінде жазылған.
CVV2 / CVC2 үш таңбалы қауіпсіздік коды - картаның артқы жағындағы үш сан.
Әрі қарай, сіз СМС-пен келетін 3DSecure кодын енгізу үшін өзіңіздің эмитент-банкіңіздің бетіне бағытталасыз. Егер 3DSecure коды келмесе, сізге картаны берген банкке хабарласуыңыз керек.
3-D Secure - бұл интернет желісіндегі карталар бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Операцияны жүзеге асыратын карта ұстаушының түпнұсқалығын бірмәнді анықтауға және карта бойынша алаяқтық операциялардың қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік кепілдіктері
Банк ЦентрКредит АҚ сіздің банк картаңыздың деректерін PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша қорғайды және өңдейді. Ақпаратты төлем шлюзіне беру SSL шифрлау технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты одан әрі беру сенімділіктің ең жоғары деңгейіне ие жабық банктік желілер арқылы жүзеге асырылады. Банк ЦентрКредит АҚ сіздің картаңыздың деректерін бізге және өзге де үшінші тұлғаларға бермейді. Карта ұстаушысының қосымша аутентификациясы үшін 3-D Secure протоколы қолданылады.
Егер Сізде жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, төлем сервисінің клиенттерді қолдау қызметіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз kontakt@schmidt-and-schmidt.kz.
Онлайн төлемдердің қауіпсіздігі
Сіз ұсынатын жеке ақпарат (аты-жөні, мекенжайы, телефоны, E-mail, несие картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етілмейді. Сіздің несие картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің Web-серверде сақталмайды.
Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне Банк ЦентрКредит АҚ кепілдік береді. Төлем карталарының барлық операциялары VISA International, MasterCard және басқа төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру кезінде онлайн-карточкалық төлемдер қауіпсіздігінің мамандандырылған технологиялары пайдаланылады, деректерді өңдеу процессингтік компанияның қауіпсіз жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі.
Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:
- Авторизация жүйесі сатып алушыға оның төлем картасының төлем деректемелері (нөмірі, жарамдылық мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспеуін қамтамасыз етеді, өйткені бұл деректер авторизация серверінде сақталмайды және ұрланбайды.
- Сатып алушы өзінің төлем деректерін интернет-дүкеннің сайтында емес, Банк ЦентрКредит АҚ авторизациялау жүйесіне тікелей енгізеді, сондықтан сатып алушы карточкасының төлем деректемелері үшінші тұлғаларға қолжетімді болмайды.
Қызмет нәтижелерін жеткізу ережелері
Қызметке тапсырыс беру кезінде жеткізу мерзімі мен құны жеке анықталады және электрондық пошта арқылы жазбаша түрде келісіледі.
Ақша қаражатын қайтару
Төлем карталары арқылы онлайн-төлем жүргізу кезінде қолма-қол ақшамен қайтаруға жол берілмейді. Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР № 274-IV Заңының ережелерімен реттеледі.
- Орындаушы Шартта көрсетілген қызмет көрсету мерзімдерін бұзған жағдайда тұтынушы ақша қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы;
- Тұтынушы орындаушыға осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты нақты жұмсалған шығыстарды төлеген жағдайда кез келген уақытта қызмет көрсету туралы шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Банк картасына ақшалай қаражатты қайтару үшін компанияның талабы бойынша электрондық мекенжайға жіберілетін "Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті" толтырып оны жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге: kontakt@schmidt-and-schmidt.kz мекенжайына жіберу қажет.
Ақша қаражатын қайтару компанияның "Ақша қаражатын қайтару туралы өтінішті" алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде банк картасына жүзеге асырылады.
Қателіктермен жүргізілген операциялар бойынша ақшалай қаражатты қайтару үшін жазбаша өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен және қате есептен шығарылғанын растайтын чектермен/түбіртектермен жүгіну қажет. Осы өтінішті мына мекенжайға жолдау қажет kontakt@schmidt-and-schmidt.kz.
Қайтару сомасы сатып алу сомасына тең болады. Өтінішті қарау және ақшалай қаражатты қайтару мерзімі компания өтінішті алған сәттен бастап есептеле бастайды және мереке/демалыс күндерін есептемегенде жұмыс күндерінде есептеледі.
Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:
- банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, ол туралы өзіңіздің Эмитент-банкіңізге хабарласу арқылы білуге болады;
- банк картасында төлеуге қаражат жеткіліксіз. Төлем картасында қаражаттың бар-жоқтығы туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы біле аласыз;
- банк картасының деректері дұрыс енгізілмеген;
- банк картасының мерзімі аяқталды. Картаның жарамдылық мерзімі әдетте картаның алдыңғы жағында болады (бұл карта сол уақытқа дейін жарамды болатын ай мен жыл). Картаның жарамдылық мерзімі туралы толығырақ эмитент банкке хабарласу арқылы біле аласыз.
Банк картасы арқылы төлеу мәселелері және сайттың жұмысына байланысты басқа да мәселелер бойынша сіз: +7 717 269 6317 телефондары арқылы хабарласа аласыз.
Банктік карталармен төлеу кезіндегі құпиялылық (осы жерде қосымша келісімге сілтеме бар)
Сіз ұсынатын жеке ақпарат (аты-жөні, мекенжайы, телефоны, E-mail, банк картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етілмейді. Сіздің несие картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің Web-серверде сақталмайды.
- Анықтамалар
https://schmidt-and-schmidt.kz интернет жобасы (бұдан әрі-URL, "біз") өз клиенттері мен https://schmidt-and-schmidt.kz (бұдан әрі – «сіз», «сайтқа кірушілер») сайтына кірушілердің ақпаратының құпиялылығы мәселесіне байыппен қарайды. Біз сайтқа кірушінің жеке деректері бар ақпаратты (мысалы: аты-жөні, логині немесе компания атауы), сондай-ақ URL сайтында жасаған әрекеттеріңіз туралы ақпаратты дербестендірілген деп атаймыз. (мысалы: сайтқа кірушіге оның байланыс ақпаратымен тапсырыс беру). Анонимді деп біз сайттың нақты келушісімен бірмәнді анықталмайтын деректерді атаймыз (мысалы: сайтқа кіру статистикасы).
- Ақпаратты пайдалану
Біз сайттың белгілі бір келушісінің дербестендірілген ақпаратын оған сапалы қызмет көрсетуді және оларды есепке алуды қамтамасыз ету үшін ғана пайдаланамыз. Біз URL сайтына кірушілердің жеке деректерін басқа сайтқа кірушілерге ашпаймыз. Біз ешқашан жеке ақпаратты ашық түрде жарияламаймыз және оны үшінші тұлғаларға бермейміз. Мұндай ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органдарға беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар ғана ерекшелік болып табылады. Біз жиналған анонимді деректерге негізделген есептерді ғана жариялаймыз және таратамыз. Бұл ретте есептерде қызметтерді пайдаланушылардың дербестендірілген деректерін сәйкестендіруге болатын ақпарат жоқ. Біз сондай-ақ URL өнімдері мен қызметтерін дамытуға бағытталған ішкі талдау үшін анонимді деректерді пайдаланамыз. - Сілтемелер
https://schmidt-and-schmidt.kz сайты біздің компанияға қатысы жоқ және үшінші тұлғаларға тиесілі басқа сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Біз үшінші тұлғалардың сайттарында орналастырылған мәліметтердің дәлдігі, толықтығы және дұрыстығы үшін жауап бермейміз және сіз осындай сайттарда қалдырған ақпараттың құпиялылығын сақтау бойынша ешқандай міндеттеме алмаймыз.
- Жауапкершілікті шектеу
Біз осы құпиялылық саясатын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, алайда, біздің ықпалымыздан тыс факторлар әсер еткен жағдайда ақпараттың сақталуына кепілдік бере алмаймыз, оның нәтижесі ақпаратты ашу болады. https://schmidt-and-schmidt.kz. сайты және онда орналастырылған барлық ақпарат ешқандай кепілдіксіз "сол күйінде" ұсынылады. Біз қолайсыз салдар үшін, сондай-ақ URL сайтына кіруді шектеу немесе сайтқа кіру және онда орналастырылған ақпаратты пайдалану салдарынан келтірілген кез келген залалдар үшін жауап бермейміз.
- Контактілер
Осы саясатқа қатысты мәселелер бойынша: kontakt@schmidt-and-schmidt.kz мекенжайына хабарласыңыз.
Банктік карталармен төлеген кезде құпиялылық саясатымен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Біздің деректемелеріміз:
ЖШС "Шмидт и Шмидт"
Мекенжайы: Қазақстан, 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы,
Самал шағынауданы, 12 ғимарат, 6 қабат, № 3 кеңсе,
ЖСК: KZ808562203117231086 "Банк ЦентрКредит" АҚ
БИК: KCJBKZKX
Кбе: 17
БСН: 220440012994
Бас директор: Әсемгүл Тоқанова
+7 717 269 6317
+49 851 226 083 99
Email: kontakt@schmidt-and-schmidt.kz
Сайт: https://schmidt-and-schmidt.kz