Schmidt & Schmidt компаниясы Вануату аумағында берілген құжаттарды заңдастыру – апостильдеу қызметтерін ұсынады.
Республика Вануату құжаттарды апостильдеу арқылы жеңілдетілген тәртіппен заңдастыру ережесін енгізген 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының бірқатар ережелерін ратификациялады. 1980 жылғы 30 шілдеде конвенция Вануату үшін Жаңа Гебридтердің құқықтық мұрагері ретінде өз күшіне енді.
Вануатуда құжаттарды апостильмен куәландыруға уәкілетті екі мемлекеттік орган бар:
- Сыртқы істер департаменті (Хаттама және консулдық қызмет басқармасы)
- Вануатуның қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясы (Қаржылық қызметтер орталығы)
Вануатуда берілген, апостиль қойылған және нотариалды аудармасы бар құжаттар Қазақстанда заңды күшке ие болады.
Вануатуның билік органдары және басқа да уәкілетті құрылымдары берген, ағылшын, француз және бислама тілдерінде ресімделген құжаттар апостильмен куәландырылуы мүмкін.
Вануатуда құжаттарды заңдастыру процесі уәкілетті шенеуніктің құжаттың шығу тегі мен түпнұсқалығын тексеруін қамтиды. Бұл процедурадан өткеннен кейін құжатқа арнайы мөр – апостиль және куәландырушы органның «сулы» мөрі басылады.
Вануатудағы апостиль ағылшын тіліндегі, қабырғаларының өлшемі 9 сантиметрден кем емес төртбұрышты мөр болып табылады, онда міндетті түрде «Apostille» деген тақырып және француз тілінде 1961 жылғы Гаага конвенциясына сілтеме (Convention de La Haye du 5 octobre 1961) болады. Мөрдің (сертификаттың) мазмұны Гаага конвенциясымен белгіленген.
Вануатуда апостильмен мына құжаттар куәландырылуы мүмкін:
- Тізілімдерден үзінді көшірмелер
- Мемлекеттік басқарудың әкімшілік құжаттары
- Сот және құқық қорғау органдарының құжаттары
- Тіркеу құжаттары
- Нотариалдық актілер
- Сертификаттар, біліктілік, білім туралы құжаттар
- Медициналық құжаттар
- Анықтамалар
Кедендік, дипломатиялық, консулдық, коммерциялық құжаттар, паспорттар және басқа да жеке басты куәландыратын құжаттар апостильдеуге жатпайды.
Апостильдің қолданылу мерзімі шектелмейді, бірақ құжаттардың өздерінің қолданылу мерзіміне шектеулер қойылуы мүмкін.
Біздің артықшылықтарымыз
- Әрбір тапсырысқа жеке тәсіл
- Ашықтық
- Қызмет көрсетудин жоғары сапасы
- Апостильді ресімдеудің жылдамдығы
- Сіздің қаржылық шығындарыңызды оңтайландыру
- Барлық процедуралардың заңдық мінсіздігі
Бізден сіз Вануатуның сауда тізілімінен үзінді көшірмелерді немесе басқа құжаттарды апостильдеуге тапсырыс бере аласыз.
Сонымен қатар, бізден құжаттарды қазақ немесе орыс тіліне нотариалды аударуға тапсырыс бере аласыз.