Schmidt & Schmidt компаниясы Тувалуда берілген құжаттарды консулдық заңдастыру (легализациялау) қызметтерін ұсынады.
Тувалу шетелде пайдалану үшін ресми құжаттарды апостильдеу арқылы оңайлатылған тәртіппен заңдастыру процедурасын белгілеген 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қатыспайды. Сондықтан Тувалудағы құжаттарды заңдастыру немесе оларды осы мемлекеттің аумағында пайдалану тек консулдық заңдастырудың көмегімен ғана мүмкін болады.
Консульдық заңдастыру апостильдеуге қарағанда қымбатырақ тұрады және ұзаққа созылады. Ол құжатты Әділет министрлігінің уәкілетті органдарында, Сыртқы істер министрлігінің бөлімшелерінде, ал содан кейін баратын елдің консулдығында (немесе елшіліктің консулдық бөлімінде) куәландыруды қамтиды. Құжат тек сонда консулдық өкілдіктің белгісі қойылған елдің ғана аумағында заңды күшке іе болатынына назар аудару қажет.
Тувалудағы құжаттарды заңдастыру процедурасы
Тувалудың ресми органдары берген және Қазақстанда пайдалануға арналған құжатты заңдастыру үшін мыналар қажет:
- Құжатты Тувалудың Сыртқы істер, сауда, туризм, қоршаған орта және еңбек министрлігінде куәландыру
- Құжатты Қазақстанның Австралиядағы елшілігінің консулдық бөлімінде заңдастыру (ҚР мүддесін Тувалуда қоса атқарушылық бойынша білдіреді)
- Құжатты қазақ немесе орыс тіліне аудару
Осы аталған кезеңдердің барлығынан өткеннен кейін құжатты заңдастыру аяқталады және құжатты Қазақстанда пайдалануға болады.
Қазақстандағы құжаттарды заңдастыру процедурасы
Тувалу Гаага конвенциясына қатыспайтындықтан, Қазақстанда берілген және Тувалу аумағында қолдануға арналған құжаттар консулдық заңдастырудан өтуі тиіс, ол мынадай әрекеттерді қамтиды:
- Уәкілетті аудармашыға құжатты ағылшын тіліне аударту
- Аударманы нотариуста куәландыру
- Құжатты ҚР СІМ Консулдық департаментінде куәландыру
- Құжатты Ұлыбританияның ҚР-дағы елшілігінің консулдық бөлімінде заңдастыру
Осы аталған кезеңдердің барлығынан өткеннен кейін құжат Тувалудың билік органдары мен коммерциялық ұйымдарына ұсынуға дайын болады.
Консулдық заңдастыруға жататындар
- Нотариалды актілердің көшірмелері
- Туу, қайтыс болу, неке қию, ажырасу туралы куәліктер, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан алынған басқа да үзінді көшірмелер
- Дипломдар, аттестаттар, сертификаттар, білім туралы анықтамалар, біліктілік құжаттары
- Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының көшірмелері
- Нотариалды актілер
- Сенімхаттар
- Баланың шетелге шығуына келісім және т.б.
- Заңды тұлғалардың немесе сауда компанияларының тізілімінен үзінді көшірмелер
Біздің артықшылықтарымыз
- Әрбір тапсырысқа жеке көзқарас
- Ашықтық
- Қызмет көрсетудің жоғары сапасы
- Апостильді рәсімдеудің жылдамдығы
- Сіздің қаржылық шығындарыңызды оңтайландыру
- Барлық процедуралардың заңдық мінсіздігі
Бізден сіз Тувалудың сауда тізілімінен үзінді көшірмелер немесе басқа да құжаттарды заңдастыруға тапсырыс бере аласыз.
Сонымен қатар, бізден құжаттарды қазақ немесе орыс тіліне нотариалды аударуға тапсырыс берегуіңізге болады.